
Алдағы уақыттағы Қазақстанның қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚ) саласындағы халықаралық стандарттарға сәйкестігін Өзара бағалау аясында күдікті қаржылық операцияларды анықтау және ҚМА-не хабарлама жіберу бойынша бірқатар оқыту семинарлары өткізілді.
ҚМА Басқармасының басшысы Балкенже Ахметкерей атап өткендей, КЖ/ТҚҚ ұлттық жүйесінің Өзара бағалауы кезінде уәкілетті орган да, қаржылық мониторингтің жеке субъектісі де бағаланады. Агенттіктің стратегиялық міндеті – қаржы секторының кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін анықтауға барынша дайындығын қамтамасыз ету.
Бүгінгі күні ҚМА бірқатар қаржы мониторинг субъектілері - нотариустар, риэлторлар, ломбардтар және басқалары үшін КЖ/ТҚ саласындағы ҚР Заңында көрсетілген Жадынама әзірледі. Бұл күдікті операцияларды және ҚМА-не хабарламалар жіберу тәсілдерін, сондай-ақ, олардың шекті сомаларын анықтауға арналған нұсқаулық болып табылады.
ҚМА, мемлекеттік органдар мен қаржы мониторингі субъектілерінің үйлесімді жұмысы қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін нығайтуға және Өзара бағалауды ойдағыдай өтуге ықпал етеді.
КЖ/ТҚҚ саласындағы стандарттарға сәйкес келмеу ұлттық экономикаға әсер етуі мүмкін.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі