Нұр-Сұлтанда күдікті операцияларды кейінге қалдыру/тоқтата тұру бойынша Қаржылық барлау өкілеттіктері талқыланды

Нұр-Сұлтанда күдікті операцияларды кейінге қалдыру/тоқтата тұру бойынша Қаржылық барлау өкілеттіктері талқыланды

Қазақстан көлеңкелі экономиканы 2025 жылға қарай 15 пайызға дейін қысқарту мақсатын алға қойды.

«Өткен жылы салық және кеден салаларындағы қылмыс деңгейі 18 пайызға төмендеді, бірақ кеден құжаттамасын қолдан жасау әлі де жалғасуда. Тек Қытаймен шекараның өзінде ғана 50 мың жалған құжат анықталды», - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Көлеңкелі экономика үлесін азайту шеңберінде Қаржылық мониторинг агенттігі тұрақты негізде түрлі экономика секторларының өкілдеріне арналған оқыту семинарларын өткізіп келеді.

13-14 мамыр аралығында «Күдікті операциялар туралы хабарламалармен (КОХ) жұмыс» тақырыбында аралас форматта екі күндік оқыту семинары өтті, оған екінші деңгейлі банктердің, Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінің, Ұлттық банктің, Астана халықаралық қаржы орталығының өкілдері қатысты.

Іс-шараны ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар кеңсесімен бірлесіп ұйымдастырды.

Аталған семинарда оқытуды КЖ/ТҚҚ саласындағы Словения және Хорватияның халықаралық мамандары жүргізді, олар шетелде қолданылатын механизмдер жайлы толығырақ сөз қозғап, КОХ-пен байланысты ЕҚЫҰ-ның аумағындағы озық тәжірибелерімен бөлісті. 

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі