
2021 жылғы 12 мамырда Қаржылық мониторинг агенттігінің Төрағасы Жанат Элимановтың Нұр-Сұлтан қ. ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар кеңсесінің жаңа тағайындалған Басшысы Фолькер Фробартпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Жанат Элиманов Фолькер Фробартты ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар кеңсесінің басшысы болып тағайындалуымен құттықтап, Агенттік қызметінің негізгі бағыттарын мен бірлесе іске асырылатын жобаларды атап өтті.
Осындай жобалардың бірі – жымқырылған активтерді қайтару. Бұл бағытта Агенттік Еуропадағы CARIN, Азиядағы ARIN-AP секілді активтерді қайтару бойынша әлемдік желілерге қосылып, кибершабуылдар жөніндегі шетелдік сарапшылармен өзара әрекеттесіп келеді.
«Біз ЕҚЫҰ-мен әрі қарай ынтымақтастықты нығайтуға дайынбыз. Бізге ЕҚЫҰ елдерінің құқық қорғау саласындағы озық тәжірибесі қызықты. Қазіргі таңда киберқауіптер аса өзектілікке ие. Көптеген экономикалық және қаржы қылмыстары да заманауи технологияларды қолдана отырып жасалады», - деп ҚМА Төрағасы атап өтті.
Сонымен қатар, ЕҚЫҰ-ы кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін дамытуда негізгі серіктес болып табылады.
Бұдан әрі кездесудің тараптары 2021 жылдың қазанынан 2022 жылдың қарашасы аралығында Қазақстан өтетін Өзара бағалаудың алдағы 2-ші раундын талқылады.
Ынтымақтастық аясында ЕҚЫҰ елімізді Өзара бағалауға дайындау үшін халықаралық сарапшыны шақырған.
Кездесу қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қ. ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар кеңсесінің басшысы Фолькер Фробарт Қазақстанның қаржылық мониторингінің ұлттық жүйесін жетілдіруде қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі