
Мемлекет басшысы балалар құқығын қорғауға басымдық беріп, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың барлық құқықтарын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік міндеттер мүлтіксіз орындалу керектігін ескертті.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасындағы Бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саинмен бірлесе отырып, өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды және «Qamqor» әлеуметтік жобасына бастау берді.
Бұл жоба құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, алдын алу шараларын қабылдау үшін балалар құқықтарын қорғау жүйесіндегі «әлсіз тұстарды» анықтауға бағытталған.
Мысалы, Мысалы, Батыс Қазақстан облысында балалар үйінің қызметкерлеріне жалақыны артық төлеу және иемдену фактісі бойынша іс тергелуде.
Павлодар облысында Павлодар облысында 5 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру белгілері анықталды, олар балалар ауылының аумағын абаттандыру жұмыстарына бағытталуы тиіс еді.
Ақмола облысында жетім балаларды тамақтандыруға арналған ақша қаражатын ұрлау фактісі орын алды.
Бүгінде 15 тәуекелі бар мекеме анықталды және 7 қылмыстық іс тіркелді.
Алдын алу шаралары жалғастырылуда.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Тел: 8 7172 708 409