ҚР ҚМА Кинологиялық орталығы кинолог-офицерлерді даярлау курсын өткізді

ҚР ҚМА Кинологиялық орталығы кинолог-офицерлерді даярлау курсын өткізді

Ағымдағы жылдың 25 қаңтарынан бастап 30 сәуіріне дейін синтетикалық есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күресті күшейту мақсатында Қаржылық мониторинг агенттігінің аумақтық бөлімшелері және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің кинолог-мамандары қызметтік-іздестіру иттерімен есірткіні іздеу бойынша дайындықтан өтті.

Кинолог-мамандар үшін иттерді оқыту теориясы, ветеринарлық дайындық және арнайы дайындық бойынша сабақтар, сондай-ақ жалпы оқыту курсы бойынша қызметтік иттердің дағдыларын жетілдіруге қатысты сабақтар ұйымдастырылды.

Оқыту барысында қызметтік иттер "апиын", "канабис", "героин" есірткі заттарының имитаторларын іздеуге дайындалды.

Айта кетейік, ҚР ҚМА Кинологиялық орталығы әлеуетінің арқасында соңғы жылдары (2017 жылдан 2021 жылға дейін) есірткі құралдарының заңсыз айналымының 176 фактісі анықталды. Оның ішінде әлемде көлемі жағынан екінші есірткі трафигі (1 тоннадан астам) ұсталып, онда бұрын Кинологиялық орталықта оқытылған қызметкерлердің дағдылары сәтті қолданылды.