
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қоғамдық кеңесі Агенттіктің заңнамалық бастамаларын ілгерілету мәселелерін қарады.
2021 жылғы 29 сәуірде ҚМА Қоғамдық кеңесі Сәлімбай Шунеевтің төрағалығымен және Мәжіліс депутаттары Мақсат Раманқұлов пен ерлік Өмірғали, сондай-ақ академик Асқар Наметовтың қатысуымен жеке тұлғалардың банкроттығының заңнамалық негізін, қаржы пирамидаларына қатысты залал деңгейі мен мөлшерін анықтау бойынша нормативтік-құқықтық актілерге түзетулерді талқылады.
Сондай-ақ, құқық қорғау және арнайы органдардың криминалистеріне сарапшының өкілеттіктері мен функцияларын беру мәселесі қаралды. Ұқсас тәжірибе шет елдерде және ТМД-да қолданылады. Бұл сарапшылық қызметтерде нақты бәсекелестік орта құруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болғызбауға мүмкіндік береді және бюджет қаражатының жеке сараптамалар мен аудитке жұмсалуын қысқартады.
Отырыста Кеңес мүшелері келесі жобаларды талқылап, бекітуге ұсынды:
1)«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы» ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу;
2)Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында ішкі бақылау қағидаларына өзгерістер енгізу үшін Ұлттық банкпен және Әділет министрлігімен бірлесіп бірқатар НҚА: нотариустар, төлем ұйымдары, банк ұйымдарының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, қаржы секторы емес ұйымдар үшін.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Тел: 8 7172 708 409