
Шымкентте ЖШС басшысы қаланың әкімшілік іскерлік орталығындағы екі 12 қабатты үйдің құрылысына бөлінген мемлекеттік бюджеттен 5,2 млн. теңгені иемденгені анықталды.
Сотталушы үй құрылысы кезінде жылу оқшаулағыш шыны тақтаға жобалық-сметалық құжаттама бойынша артығын көрсеткен. Осылайша, ол артықты өзі иемденген.
Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындап, келтірілген залалды өз еркімен толықтай мемлекетке қайтарды.
Шымкент қ. сотының үкімімен серіктестіктің басшысы ҚР ҚК-нің 189-бабының 3-б. 1-т. көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдар мен мекемелерде басшы қызметін атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
ҚР ҚМА Баспасөз қызметі
Тел: 8 7172 708 409