«Кеңес-комплаенс» алаңында бухгалтерлік ұйымдар және кәсіби бухгалтерлермен жұмыс кездесуі

«Кеңес-комплаенс» алаңында бухгалтерлік ұйымдар және кәсіби бухгалтерлермен жұмыс кездесуі

2021 жылғы 26 сәуірде БКБ режимінде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің «Кеңес-комплаенс» алаңында ҚР ҚМ Ішкі аудит комитеті мен бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті өкілдерінің қатысуымен бухгалтерлік есеп және аудит саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдармен және кәсіби бухгалтерлермен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында КЖ/ТҚҚ туралы Заң және міндетті орындауды талап ететін басқа да нормативтік құқықтық актілер саласындағы мәселелер, сондай-ақ Агенттіктің қаржы операциялары туралы деректерді жинау жүйесінде тіркеу бойынша түсіндіру және Өзара бағалау есебіне дайындық талқыланды.

Кездесуге КЖ/ТҚҚ заңнамасын қолдану бойынша күн тәртібіне сәйкес барлығы 100-ден астам қаржы мониторингі субъектісі қатысты.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Тел: 8 7172 708 409