Өзара бағалау Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартпақ – ҚМА

Өзара бағалау Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартпақ – ҚМА

Қазақстан Республикасының ФАТФ түріндегі аймақтық топтың – Қылмыстық кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ) мүшесі болып табылады.

ЕАТ-қа мүше болу Қазақстанға ФАТФ стандарттарына сәйкес келетін ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың (КЖ/ТҚҚ) тиісті құқықтық және институционалдық негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осы қызмет шеңберінде ЕАТ өз мемлекеттерінің КЖ\ТҚҚ ұлттық жүйелерінің халықаралық стандарттарға сәйкестігінің өзара бағалауын өткізеді, еуразиялық аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, қылмыстық кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру салаларындағы типологияларға талдау жүргізеді, сондай-ақ, кадрларды оқытуды есепке алғанда, топқа мүше-мемлекеттерге техникалық көмек көрсету бағдарламаларын іске асырады.

Осылайша, ЕАТ міндеттерінің бірі — КЖ/ТҚҚ және жаппай жою қаруын таратуды қаржыландыру салаларына ФАТФ-тың 40 Ұсынымдарын енгізуге көмектесу.

Бұл Ұсынымдар «жылыстатуға қарсы» жүйелердің тиімділігін арттыруға әсер етіп, елдегі инвестициялық климатты жақсартпақ.

Басқаша айтқанда, КЖ/ТҚҚ саласындағы осы стандарттарға сәйкес келмеу ұлттық экономикаға зор залал келтіреді: ел ашық халықаралық қолдаудан айырылып, қоғамнан «шеттетіледі».

Осы елдердің азаматтары халықаралық сауданы толыққанды жүргізе алмайды, шетел банктерінде шот ашуда және төлем жүйелерінде маңызды қиындықтарға тап болады (көпшілігі осындай клиенттермен жұмыс жасаудан бас тартады), ал осы мемлекеттегі төлемдер күдікті саналып, көп жағдайда бұғатталады.

Еске салатын болсақ, Қаржылық мониторинг агенттігі мүдделі мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесе отырып, 2022 жылы өтетін Өзара бағалаудың екінші раундына дайындық үстінде.

Анықтама үшін:

  1. ФАТФ – Ақшаны жылыстатумен күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) (англ. Financial Action Task Force on Money Laundering — FATF) — қылмыстық кірістерді жылыстатуу және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚ) саласында әлемдік стандарттарды әзірлеумен, сондай-ақ, КЖ/ТҚҚ ұлттық жүйелерінің осы стандарттарға сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын үкіметаралық ұйым.
  2. Өзара бағалаудың бірінші раунды 2011 жылы өткізілді.

 ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Тел: 8 7172 708 409