Албанияның Қаржылық барлау бөлімімен (ҚББ) өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

Албанияның Қаржылық барлау бөлімімен (ҚББ) өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

2019 жылдың 1 ақпанында Астана қаласында (Қазақстан) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті мен Албания қаржылық барлау бөлімшесі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумына қол қойылды.

Келісімнің мәні қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырумен (жылыстатумен), терроризмді қаржыландырумен байланысты деген күдік туғызатын ақшамен немесе өзге мүлiкпен жасалған операциялар туралы ақпарат алмасу бойынша өзара ынтымақтастық болып табылады.

Аталған Меморандумға қол қою біздің елдеріміздің арасындағы сенімді және достық қатынастары жайында куәландырады.

Бұл келісімнің Қазақстан мен Албанияның қаржылық барлау бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылын одан әрі жаңа сапалы деңгейге арттыратыны сөзсіз.