ҚМА Төрағасы және Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл бизнесті қорғауды талқылады

ҚМА Төрағасы және Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл бизнесті қорғауды талқылады

2021 жылғы 22 сәуірде кездесу аясында Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов пен Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов сындарлылық, ашықтық және өзара ақпарат алмасу қағидаттары негізінде елдегі кәсіпкерлікті одан әрі дамыту бойынша нақты әрекеттерді талқылады.

Көлеңкелі экономика деңгейін төмендетуге және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру жоспарлануда.

Бүгінгі таңда Қаржылық мониторинг агенттігі адал бизнесті қорғауға бағытталған бірқатар кешенді шаралар қабылдады.

Адал кәсіпкерлерді қорғау үшін «Атамекен» ҰКП-мен өзара             іс-қимыл тұрақты негізде жүзеге асырылады. Көлеңкелі экономика деңгейін төмендету саласында заңнаманы жетілдіру және құқық бұзушылықтардың алдын алуды көздейтін Жол картасы әзірленді.

Аумақтық экономикалық тергеп-тексеру департаменттері ұқсас жұмысты жүргізуге бағытталған.

Осылайша, кездесудің тараптары ортақ көзқарасқа келіп, экономиканың «көлеңкелі» секторында құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша құралдардың тиімділігін арттыруда тығыз өзара әрекеттесу туралы және бизнестің дамуына кедергі келтіретін жүйелі проблемаларды жою бойынша бірлескен күш-жігерді салуға келісті.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Тел: 8 7172 708 409