Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара

 Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара

Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «Халықаралық балаларды қорғау күнін» мерекелеу қарсаңында облыстағы отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылында болып қайтты. 

Халықаралық балаларды қорғау күні — ең маңызды халықаралық мерекелердің бірі болып табылады. Оны өткізу туралы шешім 1925 жылы Женевада балалардың әл-ауқаты мәселелеріне арналған Дүниежүзілік конференцияда қабылданған.

«Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған ұйым ретінде 2001 жылы құрылған.

«Шаңырақ» отбасы үлгісіндегі балалар үйі Атырау қаласында орналасқан, қазіргі уақытта  онда   4-18 жас аралығындағы 7 ұлт өкілінің  57 баласы  тәрбиеленуде.

Департаменттің Профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының басшысы Қ.С.Жардемов балалар үйінің ұжымына олардың ізгі жүректері үшін, еліміздің кішкентай азаматтарын тәрбиелеудегі қамқорлығы үшін алғыс білдіріп, кіші ұрпаққа мықты денсаулық,  оқуда озат, адал азамат  болуларына  тілек білдіріп, бүлдіршіндерге  тұрмыстық  үй  құралдарын сыйға  тартты.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ұжымы атынан балалар үйінің директоры Гүлсара Аманғалиқызы Ботатаева Департамент басшысының міндетін атқарушы Д.Е. Ақылбековке және қызметкерлерге көрсеткен көңілдері үшін алғысын білдіріп, келе жатқан Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.