2019 жылы 06 маусымда Атырау облыстық мәдениет басқармасының концерт залында «Қаржы полициясы органының ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 10 жыл толуына байланысты Атырау облысы бойынша қаржы полициясы органдарының ардагерлерімен кездесу шарасы өтті.
Салтанатты шараның ашылуы Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды және өмірден өткен, өз өмірін біздің Отанымызға арнаған әріптестерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Одан әрі, Атырау қаласының әкімі Әлмұхаммед Құттымұратұлы құттықтау сөз сөйлеп, қаржы полициясы ардагерлеріне алғысын білдіріп, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлеріне еліміздің экономикалық тұрақтылығын дамытуға қосқан үлесі үшін және "көлеңкелі" экономикаға қарсы күресудегі жетістіктері үшін Құрмет грамоталарын табыс етті.
Сондай-ақ, Атырау облысында салық милициясы, қаржы полициясының органының негізін қалаушы Құлбатыров Амангелді Құлбатырұлы және «Қаржы полициясы органының ардагерлерінің ұйымы» қоғамдық бірлестігінің Атырау филиалының басшысы Бисембиев Манарбек Сүлдебайұлы құттықтады.
Салтанатты жинынның соңында Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының м.а. Д.Е.Ақылбеков құттықтау сөз сөйлеп, жас ұрпаққа еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында көрсеткен құнды тәжірибелері үшін ардагерлерге алғысын білдіріп, қонақтарға құрмет грамоталарын табыс етті
Салтанатты шара өнерпаздардың концерті және болашақ ұрпаққа жарқын естелік суретке түсірумен аяқталды.
