Атырау облысында 700 миллион теңгеден астам жасырылған салық бюджетке қайтарылды

Атырау облысында 700 миллион теңгеден астам жасырылған салық бюджетке қайтарылды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті нақты жұмыстар орындалмай және қызметтер көрсетілмей шот-фактураларды заңсыз жазып беру фактісін анықтады.

Осылайша, облыс кәсіпорындарының бірінің басшысы 2015-2019 жылдар кезеңінде 700 млн.теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарған. Аталған факт салықтық тексеру материалдарымен расталған.

Қазіргі таңда салық төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, мемлекетке келтірілген залал өтелді.

Құрметті азаматтар! Егер сізге салық төлеуден жалтару фактілері мәлім болса, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігіне: 8 (7172) 70-84-78, Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне: 8 (7122) 35-42-10 сенім телефондары бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.