Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен жедел әзірлеу нәтижелері бойынша Қостанай облысының аумағында алдын ала сөз байласу арқылы жалған валюта қаражатын өткізумен айналысқан бір топ тұлғалар анықталды. Ұстау кезінде қылмыскерлерден 223 000 РФ рублі, сондай-ақ 8 000 000 теңге тәркіленді.
Қылмыстық топпен барлығы 19 500 EURO өткізген, сараптама қорытындысына сәйкес валюталық қаражат жалған болып табылады.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 231-бабының 2-тармағы "Жалған ақша немесе бағалы қағаздар дайындау, сақтау, алып өту немесе өткізу" және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-тармағы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдары тілкелді.
Қостанай қаласының соты ұсталынған тұлғаларға қатысты бұлтартпау ретінде қамауда ұстау шарасы санкцияланды, басқа қылмыстарға қатыстылығы бойынша тергеу жүргізілуде.