Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалауға дайындық

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалауға дайындық

2021 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар үшін халықаралық сарапшының қатысуымен тақырыптық семинар ұйымдастырды.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалауға (бұдан әрі – КЖ/ТҚ) дайындығы мәселелері қарастырылды. Семинарға қатысушылар КЖ/ТҚ қатерлерін қалыптастырудың әдіснамалық аспектілерін, сондай-ақ оларды бағалаудың алдын ала нәтижелерін талқылады.

Халықаралық сарапшы осы процестегі әрбір мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылының маңыздылығына баса назар аударды, КЖ/ТҚ тәуекелдерін ұлттық бағалауды сапалы ақпаратпен толықтыру бойынша ұсынымдар берді.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы жұмыстың басымдықтарын анықтады.