Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі жанынан Қоғамдық кеңес құрылды

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі жанынан Қоғамдық  кеңес құрылды

2021 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қоғамдық кеңесінің бірінші отырысы өтті, Сәлімбай Егембердіұлы Шунеев Қоғамдық кеңестің төрағасы болып сайланды.

Отырыс барысында Агенттік қызметінің бағыттары бойынша  құрылатын комиссиялардың саны  және  Қоғамдық кеңестің  төралқа құрамы бекітілді, сондай-ақ комиссиялардың  төрағалары сайланды.

Анықтама:

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қоғамдық кеңесі -  азаматтық қоғамның мүдделерін білдіру және  шешімдер қабылдаған кезде қоғамның пікірін ескеру, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және  орган қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында  құрылған консультативтік-кеңесу, байқау органы.