«Кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалаудағы қадағалау және құқық қорғау органдарының рөлі» тақырыбында кезекті онлайн-семинар

«Кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалаудағы қадағалау және құқық қорғау органдарының рөлі» тақырыбында кезекті онлайн-семинар

2021 жылғы 29-30 наурызда Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық сарапшының қатысуымен үшін «Кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін ұлттық бағалаудағы қадағалау және құқық қорғау органдарының рөлі» тақырыбында кезекті онлайн-семинар ұйымдастырды.

Іс-шараға мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы органдардың өкілдері қатысты.

Семинардың мақсаты – кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру (КЖ/ТҚ) тәуекелдерін ұлттық бағалауға сапалы дайындалу бойынша мүдделі органдардың хабардарлығын арттыру болып табылады.

Тәуекелдерді ұлттық бағалауды жүргізу  ФАТФ (FATF - Financial Action Task Force on Money Laundering) 1-ұсынымының талабы және 1-ұсынымының тікелей нәтижесі (ТН) болып табылады.

Семинар барысында әрбір мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы органның тәуекелдерді бағалау шеңберінде қатысуларының және қажетті ақпарат ұсынуларының  маңыздылығы айқындалды.

Халықаралық сарапшы атап өткендей, КЖ/ТҚ тәуекелдеріне ұлттық бағалауды сапалы жүргізу КЖ/ТҚҚ-ның бүкіл жүйесіне түбегейлі әсер етеді.

Ағымдағы жыл ішінде бірқатар осындай практикалық іс-шараларды өткізу жоспарланған.