
2021 жылғы 26 наурызда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасарының төрағалығымен КЖ/ТҚҚ саласындағы мәселелер бойынша халықаралық сарапшының қатысуымен қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңестің отырысы өтті.
Отырысқа Ұлттық банктің, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдері қатысты.
Отырыс барысында, атқарылған жұмыс қорытындыланды, 2022 жылға жоспарланған ЕАТ өзара бағалауының екінші раундына сапалы дайындалу үшін қажетті бірқатар іс-шаралар жоспарланды. Сонымен бірге, еліміз алдағы өзара бағалаудан табысты өтуі бойынша Егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспары қабылданды.
Келесі отырысты өткізу Ресей Федералдық Қаржы мониторингі қызметі және ЕАТ басшылығының қатысуымен ағымдағы жылдың 23 сәуіріне жоспарланған.