Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мен екінші деңгейдегі банктер өкілдерімен жұмыс кездесуі

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мен екінші деңгейдегі банктер өкілдерімен жұмыс кездесуі

2021 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторингі агенттігі Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы мен екінші деңгейдегі банктер өкілдерімен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу шеңберінде терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы қаржы мониторингі субъектілерімен тиімді өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды.
Комплаенс қызметтерінің өкілдеріне қаржылық мониторингке жататын мәліметтерді жіберу қажеттігі, террористік іс-әрекетке қатысы бар және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты адамдардың тізбелерін жүргізу жайлы түсіндірілді.
Агенттік субъектілерді Тізбеде бар тұлғаларға қатысты жедел шешімдерді қабылдауға кезеңмен тарту үшін «Қашықтықтан мониторинг» платформасын іске қосу туралы хабардар етті.