
Бүгін «Кеңес – комплаенс» алаңында зергерлік қызмет саласындағы қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс кездесуі өтті.
Зергерлік бұйымдармен операцияларды жүзеге асыратын кәспкерлерге қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері күдікті операцияларға қатысты шараларды қолдану, қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды беру қажеттігі жайлы ақпарат берді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Агенттік бизнес субъектілеріне әрі қарай ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.