
Бүгін «Кеңес – комплаенс» алаңында лизингтік қызмет саласындағы қаржы мониторингі субъектілерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесуге қатысушылар күдікті операцияларға қатысты шараларды қолдану, қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпараттарды беру мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері бизнес өкілдерінің назарына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістерді жеткізді.
Іс-шара қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар қаржыны жылыстату және терроризмді қаржыландыру саласындағы барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алды.