
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің мүшелерін коммерциялық емес ұйымдар азаматтар қатарынан сайлау туралы конкурс өткізетіндігін хабарлайды.
Агенттіктің өкілдері, коммерциялық емес ұйымдардың субъектілері, азаматтардың қатарынан Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 15 адамды құрайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды тапсырады:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады;
3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтың бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың болуы немесе болмауы туралы анықтама.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат құжаттар тізбесінің бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше және қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын Агенттіктің ақпараттық жүйелерден көрсетілген анықтамаларды талап етуіне жазбаша келісім арқылы ұсынады.
Құжаттарды ұсыну мерзімі қосымшаға сәйкес 2021 жылғы 29 наурызға дейін қоса алғанда.
Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: индекс 010000,
Нұр-Сұлтан қ., Бейбітшілік к-сі 10, 323 кабинет, Агенттіктің Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің Заң басқармасына немесе электрондық мекенжайларына l.suleimenova@afmrk.gov.kz, m.aimagambetov@afmrk.gov.kz.