
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
8-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі жанынан Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – жұмыс тобы) құрамы мынадай құрамда бекітілсін:
Елемесов Жеңіс Фарахатұлы – Агенттік төрағасының орынбасары, жұмыс тобының мүшесі;
Гатин Станислав Фатихович – жұмыс тобының мүшесі;
Малғаждарова Маржан Әшімтайқызы – жұмыс тобының мүшесі;
Симсиве Олеги Олегович – жұмыс тобының мүшесі;
«Қазақстан салықтары» Қауымдастығы – жұмыс тобының мүшесі.
2021 жылғы 10 наурызда аталған жұмыс тобының бірінші отырысы өтті және отырыс нәтижелері бойынша азаматтық қоғам өкілі Семсиве Олег Олегович жұмыс тобының басшысы болып сайланды және Қоғамдық кеңес мүшелерінің саны 15 адам болып бекітілді.