ОАӨАҮО, БҰҰ ЕҚБ, АҚШ-тың Әділет министрлігі жанындағы Есірткімен күрес жөніндегі басқармасының, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің жұмыс кездесуі

ОАӨАҮО, БҰҰ ЕҚБ, АҚШ-тың Әділет министрлігі жанындағы Есірткімен күрес жөніндегі басқармасының, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің жұмыс кездесуі

2021 жылғы 10-11 наурызда Алматы қаласында ОАӨАҮО, БҰҰ ЕҚБ, АҚШ-тың Әділет министрлігі жанындағы Есірткімен күрес жөніндегі басқармасының, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі және ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі өкілдерінің жұмыс кездесуі өтуде.

Кездесу барысында Қазақстанның мемлекеттік органдарының параллель қаржылық тергеу жүргізу және есірткінің заңсыз айналымынан қаржы ағындарын анықтау мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, тараптар өкілдері есірткінің заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық істер бойынша заңдастыру белгілерін анықтау мен тергеудің практикалық тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Еске салатын болсақ, осыдан бұрын Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Германия, Нидерланд, Ресей, Беларусь, Польша және Литваның құқық қорғау және кеден органдарымен бірлесіп жүргізген халықаралық арнайы операция нәтижесінде 1 тоннадан асатын героиннің халықаралық есірткі тасымалының жолын кесті. Бұл есірткі тасымалының әлемдік тарихындағы көлемі бойынша екінші героин партиясы.