Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар үшін «ФАТФ ұсынымдарына сәйкес ЕАТ өзара бағалауына дайындалуға жәрдемдесу» тақырыбында кезекті семинар

Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар үшін «ФАТФ ұсынымдарына сәйкес ЕАТ өзара бағалауына дайындалуға жәрдемдесу» тақырыбында кезекті семинар

2021 жылғы 4 наурызда ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен Росфинмониторинг пен МУМЦФМ көмегімен бейнеконференцбайланыс режімінде құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар үшін «ФАТФ ұсынымдарына сәйкес ЕАТ өзара бағалауына дайындалуға жәрдемдесу» тақырыбында кезекті семинар өтті.

Семинарға тәуекелдерді бағалау және ЕАТ өзара бағалауына дайындық жөніндегі жұмыс тобының мүшелері қатысты.

Росфинмониторингтен келген әріптестер Еуразиялық топтың өзара бағалауына дайындалудағы өздерінің іс жүзіндегі  тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар барысында жұмыс тобының мүшелері халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін көрсету мәселелеріне ерекше назар аударды.

Сонымен қатар терроризмді қаржыландыру және жаппай
қырып-жою қаруын тарату бойынша мақсатты қаржылық санкцияларды іс жүзінде қолдану мәселелері белсенді талқыланды.

Қазақстанның мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан үлкен мүдделілікті ескере отырып, сондай-ақ Қазақстанның өзара бағалаудан табысты өтуі мақсатында Агенттік пен Росфинмониторинг арасында алдағы уақытта мұндай іс-шаралар жүйелі сипатқа ие болатыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.