
Бүгін ВКБ режимінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің «Комплаенс кеңесінің» алаңында Қазақстан риэлторлар қауымдастығының президенті Л.В. Степаненконың қатысуымен жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелері бойынша қызметтер көрсететін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалармен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында ҚЖ/ТҚҚ саласындағы заңнаманы сақтау, тәуекелдерді басқару бағдарламасын іске асыру және бар тәуекелдерді бағалау мәселелері талқыланды.
Қаржы мониторингі субъектілеріне бар проблемалық мәселелерді, соның ішінде күдікті операцияларды тоқтатумен байланысты мәселелерді шешуде практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша кездесуге қатысқандар барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алып, «Комплаен кеңесінің» алаңында тұрақты кездесулерді өткізу туралы ұсыныс білдірді.