
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жұмыстағы қамқорлығы үшін заңсыз сыйақыны жүйелі түрде алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады.
Ол өзінің орынбасарымен бірге 4 жыл ішінде қарамағындағы 100-ден астам қызметкерлерден ай сайын 8-ден 10 мың теңгеге дейін заңсыз алып отырғаны анықталды.
Тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚПК-тің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.