Бүгін "Кеңес – комплаенс" алаңында ZOOM қосымшасы арқылы ВКБ режимінде кәсіби бухгалтерлермен және бухгалтерлік ұйымдармен жұмыс кездесуі өтті

Бүгін "Кеңес – комплаенс" алаңында ZOOM қосымшасы арқылы ВКБ режимінде кәсіби бухгалтерлермен және бухгалтерлік ұйымдармен жұмыс кездесуі өтті

Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Е.А. Оспановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің "Кеңес – комплаенс" алаңында ZOOM қосымшасы арқылы ВКБ режимінде кәсіби бухгалтерлермен және бухгалтерлік ұйымдармен жұмыс кездесуі өтті.

Қаржы мониторингі субъектілерімен (бұдан әрі – ҚМС) кездесу барысында "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген жаңа түзетулер, тәуекелдерді басқару бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды және Агенттік тәуекелдерді ұлттық бағалау бойынша шолу ұсынды.

Сондай-ақ, терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесі бойынша шұғыл шараларды қолдану мәселелері, ҚМС-ның қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну қағидалары және күдікті операцияны айқындау белгілері, ҚМС-ға КЖ/ТҚҚ саласында дайындау және оқыту, сондай-ақ қаржы операциялары туралы деректерді жинау жүйесінде тіркеу бойынша қойылатын талаптар түсіндірілді.

Іс-шара қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар КЖ/ТҚҚ саласындағы барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алды.