БҚО-да ақбөкеннің кесіп алынған мүйізі бар көлік ұсталды

БҚО-да ақбөкеннің  кесіп алынған мүйізі бар көлік ұсталды

 

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметінің департаментімен және БҚО бойынша Полиция департаментінің КПБ бірлесе отырып, жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында жүксалғышында ақбөкеннің кесіп алынған 219 мүйізі анықталған автокөлікті ұстады.

Тасымалдаушыға – Қазақстан азаматына қатысты жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен заңсыз айналысқаны үшін ҚР ҚК-нің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әрі қарай тергеуді жалғастыру үшін айыпталушы Орал қ. полиция департаментімен ұсталды.

Алдын ала бағалауға сәйкес мүйіздердің осы партиясының қара нарықтағы бағасы 17 млн. теңгеден астам соманы құрайды.