
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан Қоғамдық кеңес қалыптастыру жөнінде жұмыс тобының құрамына (саны 5 адам) үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды тапсырады:
осы Үлгілік ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші;
2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
3) кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.
Құжаттарды ұсыну мерзімі қосымшаға сәйкес 2021 жылғы 1 наурызды қоса алғанға дейін. Құжаттарды мына мекенжайға тапсыру қажет: индекс 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 10, 323-кабинет, Заң департаменті немесе l.suleimenova@minfin.gov.kz электрондық мекенжайына.