Атырау қаласының екі тұрғыны заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін сотталды

Атырау қаласының екі тұрғыны заңсыз ойын бизнесін  ұйымдастырғаны үшін сотталды

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің  қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Атырау қ. 4 мекенжайы бойынша «Э-БК» ЖШС букмекерлік кеңсесі түрінде ұйымдастырылған  заңсыз ойын бизнесінің фактілерінің жолы  кесілді.

Ойынхана ғимараттарын тексеру барысында 17 процессор, 16 монитор, 32 теледидар, чектерді басып шығаруға арналған 14 термопринтер және жалпы сомасы 1,2 млн. теңгеден астам ақша қаражаты тәркіленді.

Атырау қаласының №2 сотының үкімімен екі қала тұрғыны ҚР ҚК-нің 28-б. 5-т., 307-б. 2-т. 3-б. бойынша қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына 4 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Тәркіленіп алынған заттай дәлелдемелер мемлекет кірісіне айналдырылды.