
2021 жылы Қазақстанның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкестігіне өзара бағалауы қарсаңында Біріккен Ұлттар Ұйымының есірткі және қылмысқа қарсы күрес басқармасы және Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы «Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бойынша мамандарды кәсіби аккредиттеу мен дамытудың ақпараттық жүйесі» халықаралық семинар-тренингін ұйымдастырды.
Семинар 2021 жылдың 16-17 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында гибридті режимде ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Оспанов Е.А., ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, ҚР Ішкі істер министрлігінің және Орталық Азиядағы аймақтық кеңсесінің өкілдерінің қатысуымен өткізілуде.
Тренингтің негізгі мақсаттары – құқық қорғау органдарына стандарттарды әзірлеу, АЖ/ТҚ және қылмыстық активтерді анықтау бойынша тергеу жүргізудің тиімділігін арттыру.
Біліктілікті дамытудың IT жүйесі арқасында еліміз мамандарды даярлауға және олардың қаржылық тергеу бойынша дайындық деңгейлерін жоғарылатуға, АЖ/ТҚ саласындағы дағдыларды үнемі дамытуға мүмкіндік пайда болады.