
Бүгін ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Е.А.Оспановтың төрағалығымен «Комплаенс кеңесінің» алаңында ZOOM қосымшасын қолдана отырып, бейнеконференция байланыс режимінде несиелік серіктестіктердің, ломбардтардың және микроқаржы ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында барысында 2020 жылғы 15 қарашадағы «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген түзетулер және Қаржы мониторингі субъектілерінің қаржы мониторингіне жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты беру қағидаларын және күдікті операцияны айқындау белгілері талқыланды.
Сондай-ақ, субъектілерге Терроризм мен экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізімі бойынша жедел шараларды қолдану, Агенттіктің қаржылық операциялары туралы деректерді жинау жүйесіне тіркелу, АЖ/ТҚҚ саласында оқыту мен білім беру мәселелері түсіндірілді.