
Ағымдағы жылдың ақпанында ҚР ҚМА Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметінің жолын кесті.
Тергеудің алдын-ала нұсқасы бойынша, 2020 жылы ұйымдастырушымен салым сомасының теңгемен 18% - ы және валютамен 6% - ы мөлшерінде жыл сайынғы табыс алу шартымен 80 миллион теңгеден астам сомаға жеке тұлғалардың ақшалай қаражаты тартылған.
Аталған факті бойынша ҚК-нің 217-бабының 1-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, жәбірленушілер ретінде 180-нен астам адам анықталды.