Қостанайдағы спорт-барлардың бірінде заңсыз құмар ойындары ұйымдастырылған

Қостанайдағы спорт-барлардың бірінде заңсыз құмар ойындары ұйымдастырылған

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері «STOP-ойын» ЖАШ шеңберінде Қостанай қаласындағы спорт-барларының бірінде ойын бизнесі саласындағы заңсыз қызметті анықтады.

Атап айтқанда, бұл мекемеде арнайы ойын жабдықтарын қолдана отырып, құмар карта ойындары өткізілген.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу мүдделеріне сай басқа ақпарат жария етуге жатпайды.