Шымкентте алкоголь өнімін дайындайтын жасырын цех анықталды

Шымкентте алкоголь өнімін дайындайтын жасырын цех анықталды

Шымкент қаласында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесі бойынша жалған есепке алу-бақылау маркалары бар алкоголь өнімін дайындайтын астыртын цех қызметінің жолы кесілді.

Өндірілген өнім кейіннен Шымкент қаласының аумағында сатылды.

Тексеру барысында жалған ЕБМ бар «Русская на бруньках» және «Березовая» маркалы 2000-нан астам бөтелке алкоголь өнімі, 160 литр спирт, 10 000-нас астам ЕБМ, сұйықтықты араластыруға арналған сорғы, алкогольге арналған 140 бос қорап және 80-ден астам бос бөтелкелер, 400-ден астам қақпақтар анықталды және тәркіленді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК 233-б. 2-б. (көрiнеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалану немесе өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізілуде.