ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің басшысы болып Элиманов Жанат Қалдыбекұлы тағайындалды

ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің басшысы болып Элиманов Жанат Қалдыбекұлы тағайындалды
Мемлекет басшысы 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 501 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды.
Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі құрылып, оған ҚР Қаржы министрлігінің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы, сондай-ақ экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру бойынша функциялары мен өкілеттіктері беріледі.
Агенттіктің басшысы болып Элиманов Жанат Қалдыбекұлы тағайындалды.