
Алматы қаласы бойынша ЭТД «Қазақфильм» АҚ Қасым Хан Киножобасы филиалының директоры Ахметов Қ.С. және басқа тұлғаларға қатысты пайдақорлық мақсатта өздерінің қызметтік жағдайын пайдаланып, тұлғалар тобымен алдын-ала сөз байласа отырып, аса ірі көлемде бөтен мүлікті жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін аяқтады.
Тергеу барысында қатысы бар адамдар өздерінің қызметтік жағдайын пайдаланып, тарихи сериалды түсіруге пайдалану үшін пиротехникалық заттарды сатып алуға бөлінген 29,9 млн.теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырғаны дәлелденді.
Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде күдіктілердің «Қазақфильм» АҚ-на келтірген залалы толық көлемде өтелді.
Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі, 1.2-тармағы бойынша (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін жымқыру немесе ысырап ету, ірі көлемде) кінәлі деп танылды және Киножобаның бұрынғы директоры бойынша. Қасым хан филиалы 2 жылға бас бостандығынан айырылды, ал екі сыбайласы белгілі бір мерзімге пробациялық бақылау белгілей отырып, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге және 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тартуға сотталды.