
Ағымдағы жылдың қаңтар айында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Теміртау қ. тиісті лицензиясыз алкоголь өнімін дайындап, қаладағы сауда нүктелеріне өткізген жасырын цехтың заңсыз қызметінің жолын кесті.
Цех аумағын тінту барысында дайын алкоголь өнімі, өнімді дайындауға арналған жабдықтар мен компоненттер тәркіленіп алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-бабы 1-б. бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркеліп, алкоголь өнімін өткізу орындары мен көлемін белгілеу бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.