
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқан облыс тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Айыпталушы заңды кәсіпкерлік қызмет түрін көрсету мақсатында екі кәсіпорын атынан тауарларға жалған бухгалтерлік құжаттарды (шот-фактуралар, тауарларды басқа жаққа жіберуге жүкқұжаттары және халықаралық тауарға ілеспе жүкқұжаттар және т.б.) дайындаған, содан кейін тауарды шетелге жоғары бағамен сатқан.
Атырау қаласы №2 сотының үкімімен ол ҚР ҚК 214-б. 2-б., 385-б. 1-б. қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 500 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды, сондай-ақ 12 миллион теңгеден астам сомадағы тауар мемлекет пайдасына айналдырылды.