Астыртын ойынхана ұйымдастырған Алматылық бас бостандығынан айырылды

Астыртын ойынхана ұйымдастырған Алматылық  бас бостандығынан айырылды

ҚР ҚМ Қаржы мониторинг Комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Алматы қаласында астыртын ойынхананың қызметін ұйымдастырушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. 

Тергеу барысында Алматы қаласының тұрғыны заңсыз ойын бизнесін (электронды ойынхана) ашып, оның қызметін ұйымдастыру арқылы аса ірі 31,1 млн. теңге  көлемінде заңсыз табыс тапқандығы дәлелденді.

ҚР "Ойын бизнесі туралы" заңнамасының 6 бабы 2 бөлігіне сәйкес, Қазақстан территориясында электронды және интернет ойынхананың қызметі рұқсат етілмейді.

Алайда, Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген тексеріс барысында, аталған азамат 4 ойын термналдарын және 52 компьютерлік техникаларын орнату арқылы, ұтыс беретін құмар ойындарын, яғни электронды ойынхананың қызметін ұйымдастырып келген.

Сот үкімімен ойынхананы ұйымдастырушы азамат ҚР ҚК 307 3 б. 2 т. бойынша (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру, аса ірі көлемде) кінәлі деп танылып 4 жылға бас бостандығынан айырылды.