
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «BARRELL» ЖАШ аясында облыс аумағында тиісті ілеспе құжаттарсыз жалпы көлемі 23 мың литр болатын жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатып алу және тасымалдау дерегінің жолын кесті.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 197-бабының 3-б. бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мамандардың қорытындысына сәйкес келтірілген шығын 4,3 млн. теңгені құрады.
Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен іс бойынша сотталушы кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Тәркіленген 23 тонна дизель отыны мемлекет кірісіне айналдырылды.