Елордалық кәсіпорындардың бірінің басшысы 33 млн. теңгеден астам сомаға жеткізілмеген ЖЖМ түрінде залал келтірген

Елордалық кәсіпорындардың бірінің басшысы 33 млн. теңгеден астам сомаға жеткізілмеген ЖЖМ түрінде залал келтірген

Нұр-Сұлтан қаласында кәсіпорындардың бірінің басшысы мемлекеттік сатып алуға қатысу арқылы бюджет қаражатын жымқырған. Бұл фактіні ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері анықтады.

Атап айтқанда, азамат С.Ташкенбаев тұлғасында «Темір» ЖК электронды мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша жеңімпаз деп танылды. Келісім-шарт талаптарына сәйкес ол белгілі бір мөлшерде дизель отынымен толтырылған отын карталарын жеткізуі тиіс еді.

Алайда, кәсіпкер электронды дербес шот арқылы отын карталарына қолжетімділікті пайдалана отырып, жеке пайда табу мақсатында белгілі бір уақыт өткеннен кейін бұл карталардың күшін жойып, алынған бюджет қаражатын өз қалауы бойынша жұмсаған.

Жанар-жағармай материалдарын жеткізбеу түріндегі мемлекетке келтірілген залалдың сомасы 33 млн. теңгеден асады..

Нұр-Сұлтан қ. Сарыарқа ауданының №2 сотының үкімімен аталған азамат ҚР ҚК-нің 190 б. 4-б. 2-т. бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған мемлекеттік сатып алуларға қатысумен байланысты кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.