Атырау тұрғыны темекі түріндегі заттай айғақтарды ұрлағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Атырау тұрғыны темекі түріндегі заттай айғақтарды  ұрлағаны үшін 5 жылға бас  бостандығынан  айырылды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Атырау қ. тұрғынының «Freigtliner» маркалы автокөлік пен «Schmitz» маркалы  тіркемені айдап әкету арқылы қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдемелер болып танылған 268 млн. теңгеден астам сомаға  1 690 қорап «Milano» маркалы темекіні ұрлау дерегін анықтаған.

Атырау қаласы №2 сотының үкімімен аталған азамат ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігінің 3-тармағына, 200-бабы 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес кінәлі деп танылды, оған қатысты 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және 268 304 400  теңге сомасында материалдық залал өндіру түріндегі жаза тағайындалды.