Алматыда есірткі контрабандасымен күрестің әлемдік тарихындағы көлемі жағынан екінші героин партиясы жойылды

Алматыда есірткі контрабандасымен күрестің әлемдік тарихындағы көлемі жағынан екінші героин партиясы жойылды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері арнайы комиссияның қатысуымен жалпы салмағы 1,1 тоннадан асатын героиннің аса ірі партиясын жойды.

Есірткіні Комитет қызметкерлері Германияның қылмыстық кеден полициясымен бірлесіп, сондай-ақ Ресей, Беларуссия, Литва, Польша және Нидерланды құқық қорғау және кеден қызметтерінің көмегімен өткізген халықаралық арнайы операция нәтижесінде тәркілеген.

Осылайша, өткен жылдың қазан айында Қазақстан аумағына «өңделген мәрмәр» деген атаумен жүк әкелінді. Нидерландыға жөнелтілген тауарды тексеру кезінде тергеушілер героин бар 2208 брикетті анықтады. Ұйымдасқан қылмыстық топ есірткі транзитін Ираннан Еуропалық Одақ елдеріне өткізуді жоспарлаған.

Жүкті бақылап, жеткізу әдісімен жүк Комитет жедел қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Германияға жеткізілді, мұнда тауарды алу кезінде халықаралық қылмыстық топ мүшелері мен басты ұйымдастырушы ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған іс бойынша ҚР ҚК-нің 286-б. 4-б. сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде (есiрткi, психотроптық заттармен, сол тектестермен байланысты айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың аса iрi мөлшерде жасалған контрабандасы).