Экономикалық қылмыс жасаған азаматтар 3 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды

Экономикалық қылмыс жасаған азаматтар 3 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жалған шот – фактуралармен бухгалтерлік құжаттарды материалдық сыйақы үшін жасап келген азаматтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады.

Тергеу кезінде анықталғандай, Алматы қаласының тұрғындары  2017-2019 жылдар аралығында өзіндеріне тиесілі 7 ЖШС арқылы коммерциялық ұйымдарға салықтан жалтару үшін, ЖШС арасында 6 млрд. теңгеден аса сомаға сауда саттық болған делінген жалған шот-фактуралар жазумен айналысқан.

Аталған азаматтардың алдын ала сөз байласып экономика саласындағы жасаған заңсыз іс-әрекеттерінен мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірілген.

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының үкімімен қылмысты жасаған 3 азамат ҚР ҚК 28 бабы 3-б., 29 бабы 5-б. және 216 бабы 3-б. (іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура жазу бойынша әрекеттер жасау) кінәлі деп танылып 2,6 жылдан 3 жылғы дейін бас бостандықтарынан айырылды.

Сондай-ақ, соттың үкіміне сәйкес, аталған азамат 10 жыл мерзімге экономикалық қызмет саласындағы жетекші лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Сотқа дейін үй қамағындағы айыпталушы азаматтар, сот залынан қамауға алынды.