
ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы қ. бойынша Экономикалық тергеу департаменті трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында сомасы 470 миллион теңгеден астам артемия салинасы (артемия цистасы) контрабандалық тауарының тасымалын жүзеге асырған Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тауарларды контрабандалық жолмен өткізу кезінде ҚР аумағынан шығаруға тыйым салынған, жалпы салмағы 400 тоннадан асатын биологиялық ресурстар табылған көлік құралдары ұсталды.
Алматы қ. мамандандырылған сотының үкімімен 4 айыпталушы ҚР ҚК 234 бабы 2-б., 3-т., 264 бабының 1 мен 2 б. және 214 бабының 2-б. сәйкес кінәлі деп танылып, оларға 8 жылдан 10 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Анықтама: Артемия (Artemia salina) - тұзды суда тіршілік ететін шаян. Артемия цисталарының балық өсіру, құс өсіру, фармакология және косметология үшін маңызы зор.