
ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығы "Есірткі құралдарын, валютаны, жарылғыш заттарды", Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген дериваттарды іздеу бойынша қызметтік-іздестіру иттерін дайындаудағы негізгі орган болып табылады. ҚР қызметтік иттерін дайындаудағы басты міндет жалпы жаттықтыру курсы (ЖЖК), іс-тәжірбие барысында қызметтік иттердің іс-әрекетін, мінез-құлқын басқаруға мүмкіндік беруге және тәрбиелеу дағдыларын дамытады.
2020 жылдың басында ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығының қызметтік иттерді арнайы даярлау бөлімінің қызметкерлеріне жалпы жаттықтыру курсының шартты рефлексін жасау үшін жас иттер берілді.
19.12.2020 ж. кинологтардың жұмысын қорытындылай келе, ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығының негізінде олардың жұмысын көрсету үшін жалпы жаттықтыру курсы бойынша 2020 жылдың «Жылдық үздік кинологы» анықтау жарысы өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығының қызметтік иттерді арнайы даярлау бөлімінің бас маман-кинологы Ж.М. Құлыбеков "Урга" атты бекітілген қызметтік итімен 93 ұпаймен 3-орынға ие болды.
ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығының қызметтік иттерді арнайы даярлау бөлімінің бас маман-кинологы А.Е. Базарбаев "Устюрт" атты бекітілген қызметтік итімен 93,5 ұпаймен 2-орынға ие болды.
ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығының қызметтік иттерді арнайы даярлау бөлімінің жетекші маман-кинологы Р.Р. Байгуданов "Уршулла" атты бекітілген қызметтік итімен 95 ұпаймен 1-орынға ие болды.
Жарыс қатысушыларына салтанатты түрде жүлделі грамоталар, және жарыс жеңімпазына ауыспалы кубок және естелік сыйлық табыс етілді.
Алдағы уақытта біздің кинолог-қызметкерлеріміз қызметтік иттерді үйрету және дайындау бойынша өз дағдылары мен шеберліктерін жетілдіретін болады.
Біз мұндай іс-шаралар тек бір реттік сипатта ғана емес, тұрақты негізде өткізілетініне шын жүректен сенеміз.