Кинологиялық орталықтың қызметкерлері Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

Кинологиялық орталықтың қызметкерлері Тәуелсіздік күніне орай қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

2020 жыл оңай болған жоқ. Дүниежүзілік коронавирустық пандемия біздің еліміздің инфрақұрылымына айтарлықтай соққы берді. Көптеген іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын кейінге қалдыруға тура келді. Дәл осындай сәтте халықтың әлжуаз топтарын қолдау жаңа мәнге ие болады.

ҚР ҚМ ҚМК Кинологиялық орталығы әрдайым оған мұқтаж барлық адамдарға қуаныш пен көмек әкелуге тырысады. 2020 жылдың 14 желтоқсанында кинологиялық орталықтың қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциясын өткізді. Қызметтік иттермен көрсетілім ұйымдастырылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шағын сыйлықтар табыс етілді.

Тәрбиешілер мен педагогтарға қашықтықты сақтау ережелері, аурудың алдын алу және жеке қорғау шаралары туралы нұсқау берілді. Осы жағдайды ескере отырып, оқушылар екі шағын топқа бөлінді.

Осы қиын-қыстау кезеңде балалар мен олардың ата-аналарына қамқорлық пен көңіл бөлу қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығын сезінуге көмектеседі.